Шығыс Қазақстанда көлік қозғалысы қайта ашылды
Шығыс Қазақстан облысында ауа райының жақсаруының нәтижесінде бірқатар республикалық маңызы бар жолдардағы көлік қозғалысы қайта қалпына келтірілді, деп хабарлайды Altainews.kz. «Қазавтожол» ҰК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылғы 24 қараша күні сағат 21:30-дан бастап барлық санаттағы көліктер үшін төмендегі бағыттар ашылды:
«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1104-1191 шақырымдары (Глубокое ауылынан Шемонаиха қаласына дейін);
«Өскемен – Риддер – РФнп шекарасы» автожолының 15-105 шақырымдары (Белоусовка ауылынан Риддер қаласына дейін).
Жауапты қызметтер жолдарды тазарту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыруда.
Қосымша ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан білуге болады.