KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 8 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Шығыс Қазақстанда 30 шалғай елді мекен спутниктік интернетпен қамтылды

28.11.2025, 19:00 148 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында шалғайда жатқан әрі халық саны аз 30 елді мекен спутниктік интернетке толық қосылды, деп хабарлайды Altainews.kz.

Атап айтқанда, Марқакөл ауданындағы Шағанаты, Глубокое ауданында Карагужиха, Тарбағатай ауданында Ахметбұлақ, Зайсан ауданында Шыршытсу және басқа да ауылдарды спутниктік интернетке қосу жұмыстары толық аяқталды.

Жобаның іске асырылуы шалғай ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер ашып, заманауи цифрлық қызмет түрлерін қолжетімді етіп отыр. Спутниктік интернетке қосылу – өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуда, халықтың өмір сапасын арттыруда және қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты қысқартуда маңызды қадам.

Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің «Jusan Mobile» компаниясымен әріптестігі аясында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің және ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының қолдауымен OneWeb спутниктік терминалдарының барлық 30 жиынтығы орнатылып, қосылды. Терминалдар секундына 50 Мбит-ке дейінгі жылдамдықты қамтамасыз етеді, ал қамту радиусы — 100 метр. Бұл технология өңірдің шалғай және қиын жететін ауылдарында тұрақты интернет орнатуға мүмкіндік берді.

Қоғамдық Wi-Fi нүктелері әрбір елді мекенде арнайы белгіленген орындарға орналастырылған. Тұрғындар осы аймаққа келіп, тіркеуден өтіп, Wi-Fi желісіне тегін қосыла алады.

Спутниктік терминалдар төмендегі елді мекендерде орнатылды:

• Алтай ауданы: Восточное, Дородница, Северное, Богатырева, Александровка, Березовка;

• Зайсан ауданы: Шыршытсу, Қарасай, Қабырғатал, Жіңішкесу;

• Глубокое ауданы: Веселое, Карагужиха;

• Риддер қаласы: Поперечное;

• Самар ауданы: Шұбарқайың;

• Күршім ауданы: Қайнар, Қыстау-Күршім;

• Марқакөл ауданы: Күнгей-Бөкенбай, Теріскей-Бөкенбай, Балықтыбұлақ, Шағанаты;

• Катонқарағай ауданы: Мойылды, Ақмарал, Рахман қайнары, Өрнек;

• Үлкен Нарын ауданы: Сенное;

• Ұлан ауданы: Манат;

• Тарбағатай ауданы: Сарыөлең, Ахметбұлақ, Жаңаталап;

• Шемонаиха ауданы: Кандыковка.

Жобаның жүзеге асуы арқылы бүгінде аталған шалғай ауыл тұрғындары жылдам әрі сапалы интернет қызметін пайдалануда.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу