KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 4 м/с, В
481.84 531.33 5.07

Футболдағы пенальти ережелерін өзгерту ұсынылды

13.12.2020, 14:07 153

Карьерасын лондондық "Челси" қатарында қайта бастаған чехиялық атақты қақпашы Петр Чех пенальти тебу ережелерін қайта қарауды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Чех Англия чемпионатының 12-ші турындағы "Лидс" пен "Вест Хэм Юнайтед" арасындағы матч эпизодына түсінік бере отырып (1:2), пенальти кезінде VAR қақпашының сызық басып кеткенін тіркегенін айтады да наразылығын білдіреді.

"Мен кез келген қақпашы 7 метр 32 сантиметр мен 2 метр 44 сантиметрді қалай аяғы қозғалмай қадағалау керек екенін түсінбеймін. Ойыншы 11 метрлік белгіден сағатына 110 шақырым жылдамдықпен жүгіргенде доп қақпаға 0,35 секундта жетеді.

Қақпа сызығынан бір метр қашықтықта тағы бір сызық жасайық. Қақпашылар осы сызықтардың ортасында болсын", - деп жазды 38 жастағы қақпашы өзінің Instagram-парақшасында.




















Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив