KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Петр Чех хоккейге ауысты

10.10.2019, 10:32 108

Атақты қақпашы Петр Чех хоккейде жаңа мансабын бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Англиялық «Челси» және «Арсенал» футбол клубтарының экс-қақпашысы Петр Чех бұдан былай Ұлыбритания чемпионатының екінші дивизионында ойнайтын «Гилдфорд Финикс» хоккей клубының қақпасын қорғайды.
Бұл туралы Vesti.kz жазды. Ондағы мәліметтерге сүйенсек, қақпашы мұз айдынына 13 қазанда шығады.

Теңбіл допқа талай мәрте тойтарыс берген қақпашы, шайба қағу шеберлігін де шыңдап үлгерген екен. Бұл туралы Чехтың жаңа командасы айтты.

– Фениксте өнер көрсететініме қуаныштымын. Бұл – жас команда. Мен олардың осы маусымда жетістікке жетуіне көмектесе аламын деп ойлаймын. Мен 20 жыл үлкен футболда өнер көрсеттім. Бірақ хоккейді кішкентайымнан сүйіп тамашалймын. Бұл мен үшін тың талпыныс, мол тәжірибе болары анық, – дейді Чехтың өзі.

Айта кетейік, Чех футболдағы мансабының басым бөлігін «Челсиде» өткізген болатын. Лондондық клубта 2004 жылдан бастап 2015 жылға дейін ойнап, Премьер-лигада төрт рет және Чемпиондар Лигасында бір рет жеңіске жетті. Жалпы саны 15 кубокты басына көтерді.

Ал 2019 жылдың көктемінде үлкен футболмен қоштасқан еді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив