Зайсанға қысы-жазы ең қолайлы әрі қолжетімді байланыс – әуе қатынасы
Бүгінгі таңда Зайсан ауданы тұрғындары үшін әуежайдың қызметі аса жоғары маңызға ие. Өйткені шекара шебінде тұратын халыққа жыл бойы субсидияланатын «Өскемен – Зайсан – Өскемен» әуе рейстерінің қызметтері қолжетімді әрі тиімді болып тұр.
Бұл қызметті бүгінгі таңда облыстық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Айта кетейік, жұмыс істеу уақытында субсидияланатын рейстер өздерін тиімді көлік қатынасы ретінде көрсетуде. Рейстердің негізгі артықшылығы – жолдағы уақыттың қысқаруы және ұшу құнының төмендігі.
Ақпарат ретінде қоса кетсек, субсидияланатын рейстерді «Оңтүстік аспаны» әуекомпаниясы сыйымдылығы 48 орындық Ан-24 ұшағымен орындайды.
Әуе кемелерінің тұрақты рейстері: қаңтардан мамырға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін аптасына 3 жиілік, сейсенбі, жұма күндері Өскемен қаласынан ұшу уақыты сағат 11-00-де, кері қарай сағат 12-30-да орындалады. Бейсенбі күні Өскемен қаласынан ұшып шығу уақыты сағат 13.20-да, кері қарай сағат 14.50-де. Сонымен қатар маусымнан тамызға дейін тағы қосымша 1 жиілік қосу қарастырылған.