KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 5 м/с, ОШ
441.66 475.14 4.86

Риддер ЖЭО штаттық режимде жұмыс істеп тұр

29.02.2024, 16:39 82 Оразай Жеңісұлы

Риддер қаласындағы жылу электр орталығы қыстың ең қытымыр кезінде сыр бермеді. Қандай да бір апаттық жағдайлар болған жоқ. Алайда әбден тозығы жеткен су құбырлары жарылмай тұрмайды.

Күні кеше ғана осындай жағдай болды. Қала тұрғындары әлеуметтік желіге пәтерлер суып кеткенін жазып жатты. Алайда ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ресми шағымдар мен өтініштер түскен жоқ, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Мамандар дереу істің мән-жайын анықтап, ақауды жоюға кірісті. Жөндеу кезінде жылытқыштың температурасын төмендетуге тура келді. Семашко көшесіндегі жарылған құбыр жөнделіп те қойды.

– ЖЭО қызметкерлері қысқа мерзімді жөндеумен айналысады. Қазір Свердлов көшесінде жөндеу жүріп жатыр. Бригада төрт техникамен жұмыс істеп жатыр. Ақау жуық арада жойылады, – деді ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Рауан Құрметұлы.

Айта кетейік, дәл қазір ЖЭО-дан берілетін жылу температурасы 74 градусқа тең. Сыртқы ауа температурасы минус 3 градус болғандықтан, бұл нормаға сәйкес келеді. Сондай-ақ әлеуметтік нысандар мен ұйымдардың температуралық режимі де санитарлық нормаға сай.

29 ақпандағы жағдай бойынша Риддер қаласындағы тұрғын үйлердің орташа температура 22-26 градус.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив