KZ
Өскемен
+7°
дождь жел 4 м/с, Ю
486.65 524.46 5.05

Республика күні: ауыл мектептерінде мерекелік шаралар бір апта бойы өтпек

Кеше, 11:00 65 Төлеуғазы Жансая

Жанаргүл Мұқатай

25 қазан Республика күніне орай Күршім ауданының барлық 22 мектебінде "Республикам - мақтанышым" атты танымдық тәрбие сағаттары, түрлі қойылымдар мен концерттік бағдарламалар өтіп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін оятып, өз мемлекетінің тарихын танып, құндылықтарын дәріптеуге арналған шараларда оқушылар жарыса өлең оқып, ән салып, шығарма жазуда.

-    Күршім ауданында 2 412 бала білім алып жатыр. 1452 бала тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Аудан мектептерінде Республика мерекесі қарсаңында әр күн сайын «Патриотизм дауысы», «Отаным – бақыт ордасы» сияқты түрлі мәдени-рухани іс-шаралар өткізіліп жатыр. Шаралар бір апта бойы өтеді. Өткізіліп жатқан қойылымдар оқушыларды туған жерді сүюге, жақсы оқып, елге қызмет етуге талпындырып қана қоймай, қабілеттерін, таланттарын ашуға көмектесері анық,- дейді Күршім аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Гүлнар Қабдуалиева.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив