KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 6 м/с, ОШ
514.94 583.74 6.13

Қайсенов кентінде биыл үш үй қолданысқа беріледі - Ұлан

23.06.2021, 12:12 254

Ұлан ауданының орталығы Қайсенов кентінде биыл үш үй қолданысқа берілмек.

- Аудан орталығының 4 кварталында облыс әкімінің бастамасымен "Бір қабатты шығыс" бағдарламасы аясында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған, жалға берілетін үйлер салынуда, - деді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрманбаев.

Өткен жылы ауданда 8 екі пәтерлі үй пайдалануға беріліп, 16 көпбалалы отбасы жаңа тұрғын үйге қоныстанған
болатын.

- Осы жылдың шілде айында 3 үйдің құрылысы аяқталады деп жоспарлаудамыз. Яғни, тағы 6 көпбалалы отбасы үй алады, - деді аудан басшысы. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу