Шығыс Қазақстан мешіттерінде жұма намазына жиналуға рұқсат берілді
ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігері міндетін атқарушының жаңа қаулысы жарияланды.
Қаулыда жазылғандай, мешіттерде намаз (оның ішінде жұма намазын) келушілерді шахматтық реттілікпен отырғызып, жалпы сыйымдылығының 30%-на дейін толтырумен оқуға рұқсат берілді.
Одан бөлек, қаулы бойынша, 1-5 сыныптар және 9, 11 (12) сыныптар аптаның 6 күнінде аралас оқиды. Пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқыту форматында жүзеге асырылады.
«Сондай-ақ толтырылуын 30%-дан асырмай, жалпы саны 50 адамға еске алу рәсімдерін (ас беру) өткізуге, бір отбасы мүшелерін қоспағанда көрермендерді шахматтық реттілікпен отырғызып, жалпы адам санын 20%-дан асырмай спорттық іс-шараларды өткізуге болады. Балалардың ойын алаңдарын, аттракциондардың толтырылуын 30%-дан асырмай, жалпы саны 50 баланы кіргізіп жұмыс істеуге рұқсат етілді», - делінген құжатта.