KZ
Өскемен
-4°
небольшая облачность жел 4 м/с, Ю
522.91 548.85 5.05

Шаурма бизнесі аудандарға да жетті

4.12.2020, 15:40 163

Глубокое кентінің тұрғыны Қанат Асенов кәсіпкерлік негіздеріне арналған курстардан өтіп, 505 мың теңге сомасындағы грант иесі атанды. Бұл оған өз бизнес-жобасын жүзеге асырудағы, дәмді шаурма сататын шағын дүңгіршегін ашудағы бастапқы капиталы болды.


- Өз ісімді бастауды көптен бері армандап жүрдім. Ең алдымен, мен жұмыспен қамту орталығына бардым, онда маған «Бастау Бизнес» жобасы жайлы түсіндірді. Кейін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалында Кәсіпкерлік қызметті оқыту курстарына қатысып, өз бизнес-жобамды сәтті қорғап, кәсібімді бастадым, - дейді жас кәсіпкер Қанат Асенов.

Шаурма жасауға таңдауының түсу себебі, Глубокое ауданында жылдам тағам әзірлейтін мұндай бірде-бір дүңгіршек жоқ. Оның үстіне жылдам тамақтар қазіргі кезде үлкен сұранысқа ие.

Бүгінде кәсіпкер өзінің жағын дүңгіршегін тік гриль, түйіспелі гриль, фритюрница, мұздатқыш камерасы бар витриналық тоңазытқыш, ыдыс-аяқ сияқты барлық қажетті жабдықтармен жабдықтап алды. Жаңа екі жұмыс орнын ашты.

Жедел тамақтану дүңгіршегінің тұрақты тұтынушылары да пайда болды.


- Шаурма өте дәмді. Маған оның керемет тұздықтары ұнайды. Кейде асығыс болғанда және үйден тамақ ішпей шыққанда, тез тамақ сатып алу немесе өзіңізбен бірге алып жүру өте ыңғайлы, - дейді танымал тағамның дәмін бағалағандардың бірі Бауыржан Жәнібеков.


Айта кету керек, соңғы 3 жыл ішінде ауданда «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздері курстарына 488 адам қатысты.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу