KZ
Өскемен
+26°
переменная облачность жел 2 м/с, ОБ
443.44 480.51 4.88

ШҚО-дағы «Nur Otan» партиясының аумақтық филиалдарының кезектен тыс конференциялары өтті

11.11.2020, 17:38 129
Шығыс Қазақстанда облысындағы «Nur Otan» партиясының филиалдарында конференция өтті. Жиында партия тізіміне енетін алғашқы кандидаттар анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аумақтық конференциялар партияның он бір филиалында өтті. Өскемен, Семей, Риддер қалаларында, Абай, Алтай, Аягөз, Бесқарағай, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Үржар аудандарында делегаттар партиялық тізімдерді бекітті. Ұсынылған кандидаттардың 30 пайызы – әйелдер қауымы, 20 пайызы – жастар.
Сондай-ақ жиын барысында 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық қалалық және аудандық сайлауалды бағдарламалар бекітіліп, облыстық конференцияға қатысу үшін делегаттар сайланды. Одан кейін облыстық мәслихаттың партиялық тізіміне праймеризге қатысушы кандидаттар арасында жария дебаттар өтті. Пікірсайысқа қатысушылар қаланың, ауданның, жалпы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бағдарламаларды ұсынды.



Айта кетейік, «Праймеризде» ақпараттық жүйеде жасырын, электрондық дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың арасында шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар.

Оразай Жеңісұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив