Глубокое аудандық мешіті «Мәуліт сыйы» атты қайырымдылық шарасын жасады
![](/kz/uploads/posts/iblock/0e6/0e6e537bbcc22aa5047f7a128042b44b.jpeg)
Мәуліт айының құрметіне ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Мәуліт – ізгілік айы» акциясын жариялаған болатын.
Акция аясында Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық «Ақтас» мешіті «Мәуліт сыйы» атты қайырымдылық шарасын жасады. Глубокое кентінде тұратын тұрмысы төмен 20 отбасыға азық-түлік және тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Қайырымдылық шарасында карантин талаптары сақталды.
- Мұқтаж отбасыларыға Мәуліт айында азық-түлік таратып, қайырымдылық жасап отырмыз. Қасиетті айдың берекетін қайырымдылық жасау арқылы насихаттаудың маңызы ерекше. Шара алдағы уақытта да жалғасады, - деп атап өтті «Ақтас» мешітінің бас имамы Досжан Үмбет.
Сондай-ақ бас имам сауапты істің маңызы туралы айтып өтті. Қайырымдылық шарасына қатысып, олжалы болған отбасылар аудан мешітінің қолдауына алғыс білдірді.

![3acf0290-be77-410d-b8c3-9390acc40882.jpg 3acf0290-be77-410d-b8c3-9390acc40882.jpg](/upload/medialibrary/dc8/dc826a79d49ff56d071cbb5f672b7415.jpg)
Оқи отырыңыз