Берекелі жәрмеңке - Глубокое
Өскеменде дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Елді мекендерден жеткізілген өнімдер әдеттегідей нарықтағы бағадан анағұрлым төмен бағамен саудаланды. Бұл жолы Глубокое ауданы ұсынған ет, сүт пен көкөніс өнімдері саудаланған.
Облыс орталығында ауыл шаруашылық жәрмеңкесін өткізу игі дәстүрге айналған. Апта сайын өткізілетін шараға бұл жолы Черемшанка, Малоубинка, Опытное поле, Белоусовка, Краснояр, Алтай, Секисовка, Ушаново ауылдық округтерінен өнімдері әкелінді.
Бұл жерде тұрғындары тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін нарықтағы бағадан арзандатылған бағамен сатып алуға мүмкіндігі бар.
- Таңертең 6-дан бастап тұрмыз. Глубокое ауданының жәрмеңкесі өтетін болса, өнімізді саудалап келіп тұрамыз. Халыққа керекті әрі қолжетімді бағада барлығы бар мұнда. Алам десе болды. Осыны ұйымдастырып отырған әкімдікке де алғыс, - дейді ауылшаруашылық жәрмеңкесіне етін саудалап келген Сәуле Маратқызы.
Ауыл шаруашылық жәрмеңкесі қазіргі күні Виноградова 17а мекен-жайында «Дос-нар» таңғы 7-ден түскі 13:00-ге дейін өтіп жатыр. Тауар өндірушілер жәрмеңкеде халық санынын аздығын айтуда.
Бұдан бөлек, аудан орталығындағы жеке кәсіпкерлер тарапынан жеткізілген жеміс-жидек, көкөніс, азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмендетілген бағада саудалануда.
Таңертеңнен жәрмеңкеге ағылған жергілікті тұрғындар аталмыш шараның халық үшін өте қолайлы әрі бағасының тиімді екендігін айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.