KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
516.85 537.68 5.26

Жұмысшы мамандықтарындағы студенттердің тәжірибесі жаңа деңгейге шықпақ

Кеше, 13:30 206 Төлеуғазы Жансая

 

Облыс колледждерінде жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жатқан студенттердің білімі мен біліктілігін көтеріп, оқу сапасын арттыру шаралары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.  

Өскемен көпсалалы технологиялық колледжінде «Жұмысшы мамандықтары бойынша практикаға бағытталған тапсырмаларды әзірлеу және демонстрациялық емтихан өткізудің ерекшеліктері» тақырыбында өткен облыстық семинар-практикумға аудандар мен қалалардағы 38 колледждің өкілдері қатысты. Басқосуда студенттердің тәжірибесін арттыруға бағытталған тапсырмаларды білім беру үдерісіне енгізу тәжірибесі талқыланды.  

ШҚО кәсіптік білім беру орталығы ұйымдастырған семинарға өңірдегі колледждердің оқу-өндірістік және оқу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты.  

Колледждерде өткізіліп келе жатқан демонстрациялық емтихандар болашақ мамандардың жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін маңызды сынақ түрі. Бұл емтихан аралық немесе қорытынды аттестаттау кезінде өткізіледі. Білім алушылар бұл сында кәсіби дағдыларын өндіріс орындары мен мекемелерден келген сарапшылардың алдында іс жүзінде көрсетеді. Болашақ жұмысшы маманның кәсіби біліктілігі дәл осы емтиханда айқындалады.  

— WorldSkills стандарттары мен еңбек нарығының заманауи талаптарын ескере отырып, тәжірибеге бағдарланған тапсырмаларды әзірлеуде және демонстрациялық емтиханды ұйымдастыруда Шығыс Қазақстан облысы колледждері басшылары орынбасарларының кәсіби құзыреттілігін арттыру шаралары жүргізіліп жатыр. Осы шара барысында практикаға бағытталған тапсырмаларды білім беру үдерісіне енгізудің негізгі аспектілері мен артықшылықтары, демонстрациялық емтиханға дайындық пен кәсіби қызметке бейімделу бойынша студенттерді дайындаудың маңыздылығы қарастырылуда, — дейді ШҚО кәсіптік білім беру орталығы директорының орынбасары Қабира Жантыкеева.  

Спикерлер практикалық тапсырмаларды білім беру бағдарламаларына енгізудің табысты тәжірибесімен бөлісіп, демонстрациялық емтиханға дайындық барысында кездесетін мәселелерді талқылады.  

2024 жылы облыстың 14 мемлекеттік колледжінде демонстрациялық емтихан өткізіліп, техникалық және технологиялық бағыттағы 435 студент қамтылды. CIS жүйесінде студенттердің жұмыстары бағаланып, нәтижесінде Skills паспорты табысталған.  

Квалификациялық емтихан практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан түрінде оқу-өндірістік шеберханаларда, зертханаларда, оқу орталықтарында немесе өндіріс алаңдарында өткізіледі.  

Жанаргүл Көкенайқызы

Видео: Ермек Жиенбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу