KZ
Өскемен
+26°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
439.43 473.31 4.82

140 жыл бұрынғы Менделеев кестесі табылды

18.01.2019, 11:34 417



Әлемдегі ең көне Менделеев кестесі Шотландияның Сент-Эндрюс университетінен табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Зерттеуші Алан Айткен неміс тілінде жазылған элементтер кестесін  химиядан лекция оқитын аудиторияның қоймасындағы химикаттар мен лаборатория құралдарының арасынан тауып алған. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің сарапшылары кестені тексеріп, химиялық элекменттердің ашылған жылдарына байланысты қай жылы басылғанын анықтады. Мысалы, кестеде 1875 және 1885 жылдар аралығында ашылған галлий және скандий элементтері бар да, 1886 жылы ашылған германий элементі көрсетілмеген.


Табылған плакат қалпына келтіріліп, Сент-Эндрюс университетінде сақталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив