KZ
Өскемен
+22°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Америкалық ғалымдар жусанның ерекше қабілетін анықтады

7.01.2019, 12:08 478


AҚШ-тың Калифорния шта­тындағы университет ғалымдары бар-жоғы 16 сағаттың ішінде өкпе рагы жасушаларының 98 пайы­зын бірден жойып жіберуге қабілетті өсімдікті анықтады. Ғылыми тілде Artemisia Annua деп аталатын бұл шөп – қазақ даласының әр қыратында кездесетін кәдімгі жусан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Ата қазақ байырғыдан ән-жырға арқау еткен, жұпары бұрқырап бозаңға бітетін  жусанның осындай қасиеті бар болып шықты.


Америка ғалымдары жусанды бұл мақсатқа пайдалана білудің де өз ерекшеліктері бар екенін айтып отыр. Мысалы, оның бір жылдық өскінін емге қолданған жағдайда ол өкпедегі қатерлі ісіктің тек 28 пайызын ғана жойып жібере алады. Ал егер оған темір қоспасын қосып пайдаланса, өсімдік ракты толық құртып жі­береді.


– Тұтастай алғанда, зерттеу нәти­желері артемизинин препара­тының рак жасуша­ларының қарқынмен өсуін толық бақылауда ұстай алатынын көрсетіп берді, – дейді зерттеу авторлары.


Ал Sanofi фармацевтік компаниясы осыдан бастап жылына 50-60 тонна артемизинин өндіріп тұратынын мәлімдеді.


Негізінде дәрі жасау өндірісінде бұрын осынау қышқылтым өсімдіктің сабағы мен жапырағы безгектен емдеудің өте күшті құралы ретінде пайдаланылып келген екен.


АҚШ ғалымдары әуелі рак ауруларымен күресте революциялық деңгейдегі терапия табылғанын ғана жариялаған болатын. Оның жусанмен қатысты екенін кейінірек мәлімдеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив