KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
442.05 474.14 4.74

Оңтүстік Кореяда аптап ыстықтан 23 адам қайтыс болды

Фото: egemen.kz

3.08.2023, 10:12 1 257

Оңтүстік Кореяда осы жазда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 23-ке жетті.

Оңтүстік Кореяның Ренхап агенттігінің дерегінше, билік өкілдері бұл былтырғы жылмен салыстырғанда үш есе көп екенін жеткізген, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілердің сөзінше, 20 мамырдан шілденің соңына дейін ыстыққа байланысты аурулардан 21 адам қайтыс болса, сейсенбі күні тағы екі адамның өлімі тіркелді.

Қаза тапқандар саны былтырғы жылмен салыстырғанда үш есе көп.

Сеулден оңтүстік-шығысқа қарай 243 шақырым жердегі Йончхонда 70 жастағы фермер күн астында жұмыс істеп, естен танып қайтыс болды. Тағы бір 80 жастағы фермер Сеулден 217 шақырым жердегі Чоныпте далада жұмыс істеп жүріп, дене қызуы көтерілген. Оны ауруханаға жеткізгенімен, аман алып қала алмады.

Оңтүстік Кореяның оңтүстік-батыс жағалауындағы қалпына келтірілген Сэмангым аймағында өтіп жатқан скауттардың 25-ші Дүниежүзілік слетінде аптап ыстыққа байланысты 400 адамның сырқаттанғаны айтылды. Қазіргі уақытта дүниежүзілік іс-шараға 158 елдің 43 000-ға жуық жас скауты қатысып жатыр.

Жақында үкімет төрт жыл ішінде алғаш рет ыстық туралы ескерту дәрежесін төрт кезеңді жүйенің ең жоғарғысына дейін көтерді.

Мұндай қауіп деңгейі күндізгі температура елдің көп бөлігінде 35 градус және одан да жоғары болғанда енгізіледі. Ал Кореяда үш күннен бері ауа температурасы 38 С-тан түспей тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив