KZ
Өскемен
-13°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
523.86 544.34 5.11

ДДСҰ басшысы коронавирустың жаңа штамы туралы айтты

Фото: egemen.kz

10.09.2023, 10:42 381

Еuronews дерегінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирустың EG.5 D-19 штамы өршіп келе жатқанын ескертті.

Женевада сөз сөйлеген ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейсус солтүстік жарты шарда қыс мезгілінің алдында «алаңдайтын үрдістер» байқалып отырғанын айтты, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Таяу Шығыс пен Азияда өлім-жітім артып келеді, ал Еуропада коронавирустың осы нұсқасын жұқтырып, қарқынды терапия бөліміне түскен науқастар саны өсіп, бірқатар аймақта ауруханаға түскендер саны көбейген.

Ұйымның COVID-19 вирусымен күрес жүргізу жөніндегі техникалық жетекшісі Мария Ван Керкхове «бұл нұсқа айналымдағы басқа штамдарды ығыстырмайтынын» және бұл жағдай ұйымды қатты алаңдатып отырғанын айтты.

Гебрейесус «COVID-19 вакцинасының дозасын алмаған адамдар арасындағы иммундау деңгейінің төмендігі – үлкен проблемалардың бірі» екенін атап өтті.

– Егер сізге вакцинаның қосымша дозасын алу ұсынылса, тартынбаңыз, – деді ДДСҰ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу