KZ
Өскемен
туман жел 2 м/с, В
504.34 556.34 5.97

Тәжірибесі жоқ жастарға арналған жобалар жарияланды – Өскемен

Фото: Шартты сурет

19.04.2023, 18:25 296

Жұмыспен қамту орталығы жастарға арналған «Алғашқы жұмыс орындары» жобасын және «Жастар тәжірибесі» бағдарламасын жүзеге асырмақ. 
Жобаларға 35 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. 
Аталған шаралар жоғары оқу орындарының, кәсіптік және техникалық білім беру орындарының түлектеріне арналған. Ол бойынша тәжірибесі жоқ, алғаш рет жұмыс іздеген жастар қамтылады. Толық ақпаратты Өскемен қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығынан алуға болады. Мекенжайы: Шәкәрім даңғылы, 149/10, №3 кабинет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу