KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, С
443.72 482.28 4.9

Жаңадан жөнделген жолдардың сапасы тексеріледі – Өскемен

19.05.2023, 11:21 582

Енді Өскемен қаласында жаңадан жөнделген жолдардың сапасы бірден тексеріледі. Оны «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» тексереді.

Жолдарды жүйелі түрде тексеру олардың талапқа сәйкес келетінін анықтау үшін қажет. Диагностика заманауи техникалық құралдармен және жолды зерттеуге арналған құрылғылармен жабдықталған жылжымалы зертханада жүргізіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ондағы жабдықтар тексеруді жылдам әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік беріп, жолдың сапасы туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Мамандар Өскемендегі Протозанов және Интернациональная көшелеріндегі асфальт жабынының сапасы мен қалыңдығын тексерді. Стандартқа сәйкес, үстіңгі қабаттың қалыңдығы 4,5-5 см аралығында болу керек.

Сынамаларды тексеру нәтижесіне сәйкес Протозанов көшесіндегі жол жабынының қалыңдығы 8,1 см, ал Интернациональная көшесіндегі көрсеткіш 4,8 см болған.

– Енді зертхана тұрақты жұмыс істейді. Жөндеуден өткен көшелерді тексереді. Бұл бізге жұмыс сапасын қосымша бақылауға мүмкіндік береді, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив