Өскеменде тағы бір жол учаскесі шілденің ортасына дейін жабылады
Фото: baq.kz
Облыс орталығында тағы бір жол учаскесі 17 маусымнан бастап шілденің ортасына дейін шектеледі.
Мыза көшесінен Қазақстан көшесіне дейін жолдың оң жақ айырығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан көшесіндегі оң жақ шеткі жолақта "Sunday" дүкеніне дейін қозғалыс жабылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы «Өскемен жылу жүйелері» АҚ мәлімдеді.
"Жөндеу жұмыстарын "Диа Тех" ЖШС мердігерлік ұйымы жүргізетін болады, жұмыстардың аяқталу уақыты шамамен шілде айының ортасы деп болжануда. Ықтимал қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және осы бағыт бойынша қозғалысты алдын ала жоспарлауды ұсынамыз", - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз