Өскеменде дала өртімен күрес жалғасуда
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Бүгін Өскемен қаласы Станиславский көшесінің бойындағы Скалистое саяжай қауымдастығында өрт шыққан.
Тілсіз жаудың жалпы ауданы шамамен 2 гектарды құраған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД мамандарының айтуынша, қызыл жалынды ауыздықтауға қатты жел кедергі келтіруде.
Жағдайды қатты жел мен техниканың жетуіне қиын таулы жер қиындатуда. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД мен орман шаруашылығынан 68 адам және 13 техника жұмылдырылды, дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз