Өскемен: Орталық алаңдағы тротуар плиталары ауыстырылады
Фото: www.environmentaldesigns.com
Өскемен қаласындағы орталық алаңның тротуар плиталары жаңартылып жатыр.
Ағымдағы жылы жұмыстар Нұрмағамбетов көшесі жағындағы жаяу жүргіншілер аймағында жүргізілетін болады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, өткен 2022 жылы алаңның алдыңғы бөлігінде тақтатастар ауыстырылған.
– Кей жерлердегі тротуар плиталарының тозығы жетіп, жарамсыз болып қалды. Ал орталық алаң қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған. Сондықтан тротуар плиталарын бірте-бірте ауыстырамыз, – дейді қала әкімі Жақсылық Омар.
Тақтатастарды ауыстыру жұмыстары Нұрмағамбетов көшесінің бойындағы Қазақстан көшесінен Пермитин көшесіне дейінгі аллеяда жүргізіледі. Учаскенің ұзындығы – 350 метр.
Оқи отырыңыз