KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
487.24 529.34 5.02

Өскеменде жүргіншілер жолына интернет алаяқтық туралы хабарлама жазылды

Фото: автордікі

1.07.2023, 16:52 345

Тәртіп сақшылары көше қиылыстарына және банктердің алдына алаяқтар туралы хабарлама жазды.
Қаладағы адам көп жиналатын орындарда жадынамалар орналастырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

ПБ алаяқтықтың алдын алу шараларын тұрақты жүргізіп тұрады. Дерекке сүйенсек, телефон және интернет-алаяқтарын табу өте қиын.

Осы себепті тәртіп сақшылары қиылыстардағы жаяу жүргіншілер өткелінің алдына арнайы хабарландыру жазған. Жерге ақ бояумен жазылған ескерту алаяқтардың арбауына түспеу жолдарын азаматтардың есіне салу үшін істелген.

– Қазір алаяқтар халықты алдауда қоғамды цифрландыру үрдісін белсенді пайдаланып отыр. Біздің басты міндетіміз – азаматтарды интернеттегі алаяқтық әдістері туралы ақпараттандыру, – дейді Өскемен қаласының ПБ баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Әміренова.

Дерекке сүйенсек, алдағы уақытта банк, мемлекеттік мекеме, теміржол вокзалы жәнк әуежай ғимараттарында жадынамалар пайда болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив