Өскеменде трамвай қатынасы тоқтайды
Фото: "Өскемен қаласының көлік компаниясы" ЖШС ресми парақшасынан алынды
6 шілде күні Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесінде рельстерді ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстары басталады. Осы себепті бір апта көлемінде қалада трамвай қатынасы тоқтайды.
Тұрғындардың ыңғайына қарай Жолаушылар тасымалын басқару орталығы №15 автобусты желіге қосады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аталған уақыт ішінде трамвай жұмысы тоқтайтындықтан қала тұрғындары трамвай бағыты қамтылған автобуспен қатынай алады. Автобус бағытына мынадай аялдамалар кірген: Өскемен вокзалы – Мыза – Қазақстан – Қабанбай батыр – Абай – Шәкәрім – Гоголь – Назарбаев және Защита көшесіне дейін.
Жұмыс күндері автобус Өскемен вокзалынан 5:30-да, Защитадан 6:00-де шығады.
Кешке Өскемен вокзалынан 21:15-те (сәрсенбі, сенбі және жексенбі күндері пойыздың жету уақыты бойынша 21:30), Защитадан 21:15-те соңғы автобус шығады.
Ал демалыс күндері бірінші автобус Өскемен вокзалынан таңғы 6:00-де, Защитадан 6:15-те шығады, ал соңғы автобус Өскемен вокзалынан 21:30-да, Защитадан 21:15-те жүреді.
Сонымен қатар, № 26, 67 және 6 автобустардың жолаушы тасу қарқыны күшейтіледі.