Трамвайлар желіге 15 шілдеде шығатын болды – Өскемен

Трамвай рельстерін ауыстыру бойынша жөндеу жұмыстарын 15 шілдеде аяқтау жоспарлануда.
6 шілдеден бастап облыс орталығында трамвай жолдарын жаңарту жұмыстарына байланысты қоғамдық көлік қатынасы бір аптаға тоқтаған болатын, деп хабарлайды Altyanews тілшісі.
Жаңбырлы ауа райына байланысты, жөндеу жұмыстары жоспарланғандай, 13 шілдеде аяқталмайтыны белгілі болды. "Өскемен көлік компаниясы" ЖШС мәліметінше, жөндеу жұмыстары сенбі күні, яғни 15 шілдеде аяқталмақ.
Естеріңізге сала кетейік, трамвайлардың тоқтауына байланысты "Өскемен вокзалы-Защита" бағытына уақытша автобус енгізілген болатын.
Оқи отырыңыз