KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность жел 5 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Өскеменде “Капрезе” салатын дайындаудан әлемдік рекорд орнатылды

Фото: Анель Абзалбекова

30.08.2023, 13:12 182

Бүгін Өскемен қаласының орталығына "Капрезе" салатын дайындаудан әлемдік рекорд орнату үшін аспаздар жиналды. Салаттың ұзындығы 100 метрден кем болмауы керек.

Іс-шара Қала күніне орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Салатты әзірлеуге аспаздар командасы жұмылдырылған. Сонымен қатар бұл жерге Қазақстан рекордтар кітабының өкілі келген.
 Моцарелла ірімшігі қосылған осындай салат дайындау тіркелмегенін нақты айта аламын. Салмағы бірнеше килограмм құраған тағамдар болғанымен ұзындығы 100 метр болатын тағам тіркелмеген. Сондықтан егер рекорд орнатылса, ол тек Қазақстанның рекордтар кітабына ғана емес, әлемдік кітапқа да енеді,  деп мәлімдеді Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайберген.

Салат 35 минутта дайын болды.

 Рекорд орнатылды. Салаттың ұзындығы біз күткеннен де асып түсіп, 100 метр 15 сантиметрді құрады. Салатты дайындау кезінде технологияның бәрі бұлжытпай орындалды. Сіздерді құттықтаймын!  дейді Қуандық Құдайберген.

Кейін салат жиналған жұртқа үлестірілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив