Үш күн, үш түн... Нұрлан рекорд «бұзды»
Нұрлан Жартыбеков есімді Алматы облысының азаматы жарты минут та мызғымай 72 сағат бойы шарпы тоқыды. Шарпысының ені – 30 см, ұзындығы – 43 метр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Нұрланның бұл еңбегіне Қазақстан рекордтарын тіркейтін департаменттің директоры Бақытжан Тастүлеков лайықты баға берді. КинЭС-2018 сертификатын табыс етті.
– Тоқыма тоқумен бес жасымнан бастап айналысқан екенмін. Үйдегілер солай дейді. Кейбіреулер бұның қыз баланың ісі екендігін айтады. Сөйтсе де маған ұнайды. Мен осы ісіммен Қазақстанның жаңа рекордын орнаттым, – дейді Н.Жартыбеков.
Тоқыма тоқудан әлемдік рекорд Бразилия елінде орнатылған екен. Оның уақыты – 64 минут. Нұрлан «оны да «бұзуым» мүмкін» деп, талпынып отыр. «Бұзды» да және... Кім білсін...