KZ
Өскемен
+2°
переменная облачность Штиль
480.11 532.25 5.14

Өскемендегі Оқушылар шығармашылық сарайында Ашық есік күні өтеді

Фото: ukdvorec.kz

31.08.2023, 10:28 307 Ләззат Қанатқызы

3 қыркүйек күні сағат 11.00–13.00 аралығында облыс орталығындағы Оқушылар шығармашылық сарайында Ашық есік күні өтеді.

Дәстүрлі іс-шара темір жол саяхаты форматында өткізілмек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әр балалар шығармашылық бірлестігі темір жол бекетіне айналады.

 "Бекеттерде үйірмелердің жұмысымен, педагогтармен, атқарылған жұмыс нәтижелерімен, кез келген жастағы мектеп оқушысына қолжетімді шығармашылық мүмкіндіктермен таныс боласыздар. Сонымен қатар біздің білім алушыларымыздың сан қырлы өнерлерін тамашалауға болады", - делінген хабарламада.

Оқушылар шығармашылық сарайы Антон Чехов көшесі, 63 мекенжайында орналасқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив