KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, Ю
495.95 535.28 5.54

Өскемен әкімі шаhардағы ЖОО-лардың бірінің атын өзгертуді ұсынды

12.09.2023, 14:32 280 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар Қазақстан-Американдық еркін университетінің атын өзгертуді ұсынды.

Шаhар басшысы ЖОО-ға оның негізін қалаушы Ережеп Мәмбетқазиевтің есімін беруге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Бұл университетті Ережеп Әлхайырұлының құрғаны барлығымызға аян. Ол - егемен Қазақстанның бірінші білім министрі, өзінің аймақтық университетін құрған алғашқы адам. Сондықтан ҚАЕУ-ға Mambetkaziev university атауын беретін кез келді деп ойлаймын, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚАЕУ-да шығармашылық кәсіпкерлікті қолдауға арналған Creative week көрмесі ашылды. Онда ШҚО студенттері мен шығармашылық адамдары өздерінің көркемдік жұмыстарын ұсынған болатын. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу