KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
504.49 587.73 6.57

Өскеменнің жастары өз ісінің майталмандарымен кездеседі

20.10.2023, 13:21 504 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында Республика күніне орай "Oskemen TALKS" атты жастармен кездесу ұйымдастырылады.

Кездесу 21 қазан күні сағат 11.00-де "Serebro" мейрамханасында өтеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шара барысында жастар өз ісінің майталмандарына сұрақ қойып, жауап ала алады.

- Жастар филология ғылымдарының кандидаты, Л. Н. Гумилева атындағы ЕҰУ «Алаш» ҒЗИ директоры – Сұлтан Хан Аққұлұлы, «Asar Ume» қайырымдылық қорының менеджері Серік Қамбарбаев және фотограф, тревел-блогер Ержан Нұрпейісовпен кездесетін болады, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

#republicdaykz #kzdayrepublic 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу