Өскеменде аулаішілік жолдарды жөндеу жұмыстары аяқталды
Биыл облыс орталығында 100 аулаішілік жолды жөндеу жобасы қолға алынған болатын. Аталмыш бағдарлама аясында жүргізілген жұмыстар толығымен аяқталды.
Комиссия мүшелері алдын ала жөнделетін аулалар тізімін жасаған болатын. Сонымен Өскемендегі кей ауланың шұңқыры жамалса, кейбіріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шаhар басшысы Жақсылық Омар өз кезегінде жұмыс барысымен танысып, кестеге сәйкес жүргізілуін қадағалап отырды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аулаішілік жолдардың жұмысы кешеуілдеп жатқанын хабарлаған едік. Ал, қала әкімі мердігер мен ТҮКШ бөліміне қазан айының соңына дейін барлық жұмыстарды толықтай аяқтауды тапсырған болатын.
Аталмыш бағдарлама келесі жылы да өз жалғасын табуы мүмкін.