KZ
Өскемен
-8°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Аулаішілік жолдар жөнделуі мүмкін – Өскемен

Фото: Автордікі

29.05.2023, 11:23 376

Қала әкімі Жақсылық Омар жұмыс сапары аясында қаладағы жол жөндеу жұмыстарының жай-жапсарын бақылап, жол сапасын тексерді.

Әкім журналистерге берген сұхбатында ендігі кезекте аулаішілік жолдарға мән берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Қазір біз бастаған көшелердегі барлық жөндеу жұмысын аяқтадық. Енді жөндеудің екінші кезеңіне өтеміз. Бірақ оның алдында үлкен маңызды мәселе бар. Біз енді, негізінен, аулаішілік жолдарға мән береміз, – дейді шаһар әкімі.

Теміржолшылар көшесіндегі жол жабынын ауыстыру жұмыстары аяқталып, Грейдерная көшесінде жол жөндеу және тротуар салу жұмыстары жүргізіліп жатқанын да атап өту қажет. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу