Өскеменде көшелерді жарықтандыру күшейтілген режимде жүргізіледі
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Өскеменде қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілетінін айтты.
Жұмыстар толықтай бақылауда болады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
ЕҚДБ-мен МЖӘ бойынша облыс орталығындағы көшелерді жарықтандыру жүйелерін жаңғырту бойынша кредиттік шарт жасалған.
- Көше жарығын қалпына келтіру жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіледі және тұрақты бақылауда болады. Қазір жанбайтын шамдарды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін толықтай аяқталады, - деді аймақ басшысы.
Сондай-ақ облыс әкімі өз сөзінде 28 қараша күні таңғы сағат 6.00 шамасында қайғылы оқиғамен аяқталған жол-көлік оқиғасы болғанын да атап өтті.
- Жол-көлік оқиғасы болғаны рас. Қоғамдық көлік әйел адамда қағып кетті. Алған жарақаты салдарынан зардап шеккен тұрғын оқиға орнында көз жұмды. Біз көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерін жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырғымыз, - деді Ермек Беделбайұлы.
Естеріңізге сала кетейік, биыл облыс орталығында жаңадан 2600 жарық шамы, 1890 тірек және 63 шақырымнан астам кабельдік желі орнату жоспарланғанын жазған болатынбыз.
Оқи отырыңыз