KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1,5 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Тағы да «НМУ». ШҚО-да екі қалада ауа сапасы нашарлайды

magnitogorsk-city.ru

10.12.2023, 15:00 149 Назерке Каримова

10 желтоқсанда синоптиктер ШҚО-ның екі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын болжайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

- 10 желтоқсанның сағат 21.00-ден 11 желтоқсанның сағат 21.00-ге дейін Өскемен, Риддер қалалары бойынша, күтіліп отырған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты, ҚМЖ туралы екінші дәрежелі ескертуі сақталады, - деп хабарлайды ШҚО ТЖД мамандары. 

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, желдің болмауы, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив