KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 4 м/с, З
443.72 482.28 4.9

ШҚО әкімі Өскемендегі ХҚКО құрылысын наурызда аяқтауды тапсырды

Фото: Аяужан Утеулинова
Фото: Аяужан Утеулинова
21.12.2023, 15:30 294 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өскеменде арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары биылғы маусым айында басталып, осы жылдың желтоқсан айында аяқталуға тиіс болған.

 

Бүгін ШҚО әкімі Ермек Көшербаев құрылысы кешеуілдеп жатқан ХҚКО-да болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

 

Жауапты мердігер құрылыс жобасына толықтырулар енгізіліп, ауа райының қолайсыздығына байланысты құрылыс жұмысының аяқталу мерзімі кешеуілдеп жатқандығын айтты.

– Біз халыққа аса қажетті нысандарды уақытынан кешіктірмеуіміз керек. Сондықтан да нысанның құрылыс жұмысын наурыз айына дейін аяқтаңдар. Бұл мамандандырылған ХҚКО-ға адам көп келетіндіктен көлік тұрағының жеткілікті болуын да ескеріңдер, – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

 

Қазіргі уақытта нысанда құрылыс жұмысы жүріп жатыр. Жауапты мердігер ондағы көлік тұрағы мен автодромның дайын екенін көрсетті.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив