KZ
Өскемен
+10°
небольшой проливной дождь жел 1 м/с, С
441.44 473.09 4.75

Өскемен тұрғынын қаңғыбас ит қауып, саусақсыз қалды

Фото: kuban24.tv

9.01.2024, 20:18 267 Ынтымақ Толқын

Өскемен тұрғынына қаңғыбас иттер шабуылдады. Салдарынан 31 жастағы ер адам саусақсыз қалды.

Оқиға 31 желтоқсанда қаладағы бау-бақша серіктестіктерінің бірінде болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі

Зардап шегушінің туыстары оның жұмысқа кетіп бара жатқанын айтқан.

- Менің ағам наубайханада жұмыс істейді. Үйден үштер шамасында шыққан. Ол жол бойымен қоғамдық көлік тоқтайтын жерге дейін жүріп баратын. Бұл жерде әдетте он беске жуық қаңғыбас ит тұратын қараусыз үй бар. Иттер жүгіріп шығып, ағама шабуыл жасаған. Бір ит қолынан тістеп алған, сол кезде қолды босатпақ болған ағам саусақсыз қалды, - дейді туысы.

Ер адамды жедел жәрдем көлігімен алып кеткен. Дәрігерлер «тырнақтың зақымдалуы, саусақтардың ашық жарасы, тістелген саусақ жарасы, сол қол саусақ фалангасының травматикалық ампутациясы» деген қорытынды шығарып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив