KZ
Өскемен
+31°
переменная облачность жел 1 м/с, С
439.43 473.31 4.82

Өскемендегі жер үсті көпіріне лифт орнатылды

27.01.2024, 20:15 78 Қызырбек Дүргінбайұлы

Жаяу жүргіншілердің жол қауіпсіздігі мен көлік кептелісін азайту мақсатында Өскеменде бірнеше жер үсті көпірі салынған болатын. Бұған дейін қала тұрғындары жер үсті көпіріне көтерілетін лифттің жоқтығын тілге тиек етіп келген еді.

 

Бүгін Назарбаев және Абай даңғылдарының түйілісіндегі жер үсті көпіріне үш лифт орнатылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар қаланы аралау кезінде жер үсті көпіріне жаңадан орнатылған лифтті де көріп қайтты. Жауапты мердігер лифттің бүгіннен бастап жұмыс істейтінін айтты.

 – Лифт тұрақты жұмыс істейтін болады. Ерекше қажеттіліктегі адамдардың жағдайы да ескеріліп. осында лифт орнатылып отыр. Қала тұрғындарынан күтіп ұстауын сұраймыз, – деді «Связьсервисвосток» ЖШС директоры Виталий Лопатников.



Фото: Валерий Шведов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив