KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

Ертең «OSKEMEN STARS» караоке байқауының бірінші кезеңі өтеді

Фото: vmuzey.com

13.03.2024, 19:00 2 505 Ләззат Қанатқызы

14 наурыз күні, яғни ертең Өскемен қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «OSKEMEN STARS» караоке байқауының бірінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Наурыз мейрамы аясында ұйымдастырылып отырған аталмыш шара 5 кезеңнен тұрады.

- Байқау 2024 жылдың наурыз-шілде аралығында өтеді. Дәстүрлі түрде өткізілетін караоке байқауына кәсіби музыкалық білімі жоқ қала тұрғындарын шақырамыз, - делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Байқау қорытындысы 30 тамызда Қала күні мерекесі аясында белгілі болады.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.  Өтінімдер 4 адамнан тұратын топтардан ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін bigshowukg@gmail.com электронды поштасына қабылданбақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу