KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

Этнопарктегі форель аулау орны жабылуы мүмкін

Фото: ШҚО Кәсіпкерлер палатасы

16.04.2024, 17:02 131 Ержан Әбіш

Өскеменнің этнопаркіндегі форель аулау орны жабылуы мүмкін. Себебі, Сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай-қорықтың басшылығы кәсіпкерге шартты ұзарту мүмкін еместігін мәлімдеген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Саябақ басшылығы шартты ұзарту құқығын ескермей, келісімшарт мерзімі аяқталғанын қателесіп көрсетіп отыр деген пікірдегі кәсіпкер ШҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінген.

– Шарт талаптарына сәйкес оның қолданылу мерзімі 5 жылға белгіленген, барлық талаптар сақталған жағдайда шарт автоматты түрде ұзартылады, – дейді кәсіпкер. – Осы объектіде 10 жыл жұмыс істегеннен кейін біз барлық салынған мүлікті – жолға қойылған дайын бизнесті толықтай парк меншігіне өткізуге ниеттіміз. Құрылыс кезінде бұл мүліктің құны 2019 жылы 20 миллион теңгеден асты. Сондай-ақ инвестициялық салымдардан басқа, біз ай сайын 50 мың теңге төлем жасап отырмыз.

Сонымен қатар саябақ басшылығы ШҚО прокуратурасының әр жалға алушыға түрлі мерзім берілгендігіне қатысты ұйғарымын алға тартады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы басшының орынбасары Әлия Мұқашеваның, облыс прокуратурасы өкілдерінің, саябақ қызметкерлерінің қатысуымен ШҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде кәсіпкер бірлескен қызмет туралы типтік жалға алушы ретінде емес, инвестициялық жоба ретінде олардың шартын қарастыру туралы өтініш білдірді.

Әлия Орымбекқызының айтуынша, кәсіпкер саябақ басшылығына инвестициялық қызметті жүргізу туралы өтініш жазуы керек. Ал саябақ басшылығы прокуратураға заңнамалық деңгейде осындай қызметті жүргізу мүмкіндігі туралы өтініш жолдайтын болып шешілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив