KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 8 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Өскеменде автокөлік жолдан шығып кетті

29.07.2024, 19:36 94 Ержан Әбіш

Жол-көлік оқиғасы 28 шілде күні кешке таман Әуезов даңғылында болды.

– 20 жасар BMW жүргізушісі жол-метеорологиялық жағдайды ескермей, қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамады, соның салдарынан көлігі жолдан ұшып кеткен. Автомобиль жол жиегіндегі электр сымдарының бағанына соғылған, бірақ бұл ретте ешкімге материалдық залал келтірілмеді және ешкімнің денсаулығына зиян тиген емес, – деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив