KZ
Өскемен
-25°
туман жел 1 м/с, С
514.93 536.04 5.18

Үлбі жағалауы жарқырай түсті

29.08.2024, 20:01 129 Оразай Жеңісұлы

Өскеменде қала күні қарсаңында бірнеше заманауи сквер, аллея және қыдыру алаңдары ашылды. Солардың бірі – Үлбі өзенінің жағасындағы серуен аймағы. Бұған дейін тұрғындар жиі бара бермейтін қарапайым жағалау қазір жарқырап, жайнап тұр. 

Заманауи үлгіде абаттандырылған серуен аймағы халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Абаттанырылған Үлбі жағалауында айналма жол салынып, Абай даңғылы, Үлбі көпірі және Астана көшесіндегі көлік ағыны реттеле түсті.

– Өскеменді қос өзеннің қаласы деп бекер айтпаған. Осындай қалада елу жылға таяу жағалау салынбаған. Екі өзенді мекендеп отырып жалғыз жағалаудың болуы үлкен кемшілік еді. Сол олқылықтың орнын бүгін толтырдық деп ойлаймын. Әдейі "Үлбі жағалауы" деп атадық. Себебі Үлбі атымен біздің қаланың тарихы астасып жатыр. Аумағы төрт гектар, ұзындығы бір шақырымнан асатын осы жағалау қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орындарының біріне айналарына кәміл сенемін. Ашылу салтанатын арнайы қала күніне орайластырдық. Соңғы жылдары, байқағандарыңыздай, қала күні қарсаңында жаңа нысандарды ашуды әдетке айналдырдық. Көктемде бастаған жұмыстарды жаз көлемінде толық аяқтап, тұрғындардың сүйікті мерекесінде тосын сый жасаймыз, - деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Осылай Үлбі өзенінің жағалауы заманауи демалыс орнына айналып отыр. Жағалау толық абаттандырылып, үш жерде субұрқақ салынған. Сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстауды дамыту мақсатында спорт алаңы мен ойын алаңдары да салынған. Қазірдің өзінде тұрғындар өзен бойындағы жаңа қыдыру алаңында серуендей бастады. Бұл алаң Қазақстан Республикасының Конституция күні мен қала күні қарсаңында толықтай халық игілігіне беріліп отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу