KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Әскерден қайтқан азаматтарды ірі корпорацияларға жұмысқа орналастыру ұсынылды

Фото: egemen.kz

15.06.2023, 23:52 371

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов әскери борышын өтегеннен кейін жұмыс істегісі келетін азаматтарды мемлекеттік компаниялар мен ірі корпорацияларға жұмысқа орналастыру мәселесін қарастыруды ұсынды.

Вице-министр жұмыс істеуге ниет білдіргендерге де көмек көрсету керектігін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздарды мемлекеттік компаниялар мен ірі корпорацияларға жұмысқа орналастыруға ұсыныс берген дұрыс сияқты. Өйткені әскери міндетін өтегеннен кейін олардың бәрі оқығысы келмейді. Кейбірі жұмыс істегісі келеді, оларға да мүмкіндік беру керек. Бізде осындай ұсыныс бар, – деді Ербол Оспанов.

Сонымен қатар Ербол Оспанов мемлекеттік базада ірілі-ұсақты корпорациялардың тізімі бар екенін де айтты.

– Кәсіби білімді талап етпейтін мамандықтар бойынша жұмысқа орналастыру мүмкіндігі бар, – дейді вице-министр.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив