KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 2 м/с, С
513.68 583.03 6.24

Баспана бағдарламаларындағы бастапқы жарнаны алып тастау ұсынылды

Фото: egemen.kz

22.06.2023, 10:46 352

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларынан бастапқы жарнаны алып тастау туралы сауалына жауап берген.

Үкімет басшысы бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушының ай сайынғы қаржылық жүктемесін көбейтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары бойынша бастапқы жарнаны алып тастауға келсек, қарыз бойынша бастапқы жарна кепілді қарыздар мен соның салдарынан туындайтын тәуекелдерді сақтандыруға арналған. Бастапқы жарнаны алып тастау немесе азайту қарыз алушының ай сайынғы қаржылық жүктемесін көбейтеді, - деп жазады Әлихан Смайылов.

Ол сонымен қатар жергілікті әкімдіктер әлеуметтік тұрғыда осал топқа жататын отбасылардың ипотека жүктемесін азайту үшін тұрғын үй сертификаттарын беретінін еске салды.

– Жергілікті атқарушы органдар халықтың әлеуметтік осал топтарына жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаны төлеу бөлігінде бюджеттік кредит нысанында тұрғын үй сертификаттарын бөледі, - деп жазылған жауапта.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу