KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
495.95 524.37 4.98

Астанада 2 шілдеде жолдар жабылады

Фото: dixinews.kz

30.06.2023, 14:30 372 Мадина Амангелдіқызы

2 шілде күні Астана қаласында бірқатар жолдардың бөлігі жабылады.

Астанада 2 шілдеде  сағат 6.00 бастап 19.00 дейін жолдар бойында жарыс қашықтығы өтетін жерлерде жол қозғалысы жартылай бөгеледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ironman Kazakhstan жарысының ұйымдастырушылары Астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс күні жол қозғалысының жартылай жабылатыны жайлы ескертті. 

Спортшылардың қашықтықтан өтуіне қарай трассалар ашылады. Жарыстың сөресі және мәресі Триатлон паркінде орналасады.

“Осындай танымал және мәртебелі спорттық іс-шаралар спортпен қатар туризм саласына да үлес қосады. Айтарлықтай маңызды оқиғалар біздің қаламыздың дамуына және позитивті имидж жасауда жақсы себепкер. Біз өз тарапымыздан қозғалыстың бірқалыпты болуын және қолайсыздықты азайтуды қамтамасыз  етіп, керекті шаралар қолданып жатырмыз. Сіздерді осы маңызды спорт оқиғасын және жалпы қаламызды қолдауға шақырамыз", – деді Ironman ұйымдастырушылары.

 Жолдарды бөгеу сызбанұсқасы:

04:00-18:00 - Б.Момышұлы даңғ. бойы - Елім-ай көш. бастап Сарайшық көш. дейін жолдың екі жолағын жартылай бөгеу.

04:00-18:00 - Байтұрсынов көш. бойы - Тәуелсіздік даңғ. дейін жолдың екі жолағын жартылай бөгеу. 

04:00-11:00 - Тәуелсіздік даңғ. бастап Нәжімиденов көш. бойымен Қалдаяқов көш. дейін жартылай бөгеу.

04:00-11:00 - Нәжімиденов көш. бастап Қалдаяқов көш. бойымен, Арыс көпірі арқылы, көпірден оңға қарай ауыспамен Мәңгілік ел көшесіне шығып, Достық көш. дейін, оңға қарай бұрылып, Ақорда алдындағы алаңға дейін. Одан әрі алаңды айнала және Арыс көпірі асты арқылы ЦКЗ бойымен шығаберістен кейін Әлихан Бөкейхан көш.

04:00-11:00 - Әлихан Бөкейхан көш. бойымен Керей-Жәнібек көш. дейін.

04:00-11:00 - Керей-Жәнібек көш. бойымен 38-ші көш. дейін жартылай бөгеу.

04:00-11:00 - 38-ші көш. бойымен Ұлы Дала даңғ. дейін жартылай бөгеу.

04:00-18:00 - Ұлы Дала даңғ. бастап Оңтүстік айналма жолына дейін.

04:00-18:00 - Айналмалы жол бойында Трасса М36 шығатын ауыспа жағынан шығатын ішкі жағының жартылай бөгеуі, әрі қарай Қорғалжын шоссесіне бұрылысқа дейін және Нұрпейіс Бағанин көш. - Велотұрақ қиылысы қасындағы бұрылысқа дейін.  

04:00-18:00 - Оңтүстік айналма жолынан оңға, Ұлы Дала даңғ. бойымен жаңа көпір арқылы Нәжімиденов көш. дейін.

04:00-18:00 - Нәжімиденов көш. бастап Тәуелсіздік даңғ. дейін, әрі қарай Байтұрсынов көш. бойымен Триатлон паркіндегі мәреге дейін.

 

Бұл іс-шара мемлекеттік қатысуды тартпай әуесқой спорттың дамуына серпін беру мақсатында жеке қаражат есебінен, бюджеттік шығыстарсыз өткізіледі.

Бес жыл ішінде атаулы жарыс Астананың халықаралық ірі оқиғасына айналды: тек соңғы жылда бұл шараға 6 мыңнан астам көрермен қатысты. 

Естеріңізге сала кетейік, BI GROUP IRONMAN KAZAKHSTAN және FREEDOM 70.3 ASTANA ең ірі халықаралық жарысы Астана қаласында 2 шілдеде басталады.

 Толығырақ ақпаратпен ironmankazakhstan  сілтемесі арқылы таныса аласыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу