KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Допингпен ұсталған жүлдегерлер сыйға алған пәтерді қайтара ма?

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 13:45 1 322

Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов допингпен ұсталған Олимпиада жүлдегерлері мемлекеттен берілген ақшалай сыйақы мен пәтерді неге қайтармай жүргенін түсіндірді.

Дерекке сүйенсек, қолданыстағы заң спортшылардың жағында, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  "Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық олимпиада комитетімен, түрлі спорт федерацияларымен бірге допинг қолданған спортшыларға төзімсіздік таныту қағидатын ұстанады", - деп жазылған жауапта.

Спорт және денешынықтыру комитетінің төрағасы Ербол Мырзабосынов берген жауапқа қарағанда, қолданыстағы заң допинг қолданған спортшылардың жағында.

  "Спортшылардан (Олимпиада жүлдесі үшін алған – ред.) пәтерлер мен ақшалай сыйақы қайтарып алынбайды. 2019 жылдың соңында «Денешынықтыру және спорт туралы» Заңға ақшалай көтермелеу мен баспананы қайтару туралы тиісті түзетулер енгізілген", - деп жазады комитет басшысы.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу