KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, СШ
478.96 533.03 5.22

«Ұлы дала» шығармашылық байқауы басталды

12.09.2023, 14:43 364

«AMANAT» партиясы Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орайластырылған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын ұйымдастырады.

Биыл бесінші мәрте өтіп жатқан байқау партияның «Ұлттық мұра» жобасының аясында Жазушылар одағымен бірлесе ұйымдастырылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат – отандық авторлардың ұлттық құндылық насихатталған шығармаларын қолдау.

Одан өзге, Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы ойды жаңғырту арқылы ағартушының еңбегі мен қайраткерлік ұстанымын өскелең ұрпаққа дәріптеу де көзделіп отыр.

Қатысушылар «Проза», «Поэзия», «Драматургия», «Әдеби сын» және «Балаларға арналған шығарма» сынды бес номинация бойынша бақ сынайды. Сонымен қатар, «Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы» және «Алаш аманаты» арнайы жүлделері бекітілген.

Шығармалар 11 қыркүйектен бастап 10 қарашаға дейін қабылданады. Елдің барлық өңіріндегі аймақтық филиалдарда ұйымдастыру комитеттері құрылады. Аймақтық ұйымдастыру комитеттері шығармаларды қабылдайтын арнайы электронды мекенжай ашты.

Аймақтар жіберген шығармаларды Республикалық ұйымдастыру комитеті тексерістен өткізіп, аikyn.kz сайтында ашылған «Ұлы дала» байқауы айдарында арнайы бүркеншік есіммен күнделікті жариялап отырады.  Қызығушылық танытқан кез келген оқырман шығармаларды сол жерден оқи алады.

Айта кетейік, байқауға 20-45 жас аралығындағы авторлар қатыса алады. Қабылданған жұмыстарды байқау комиссиясы 13-20 қараша аралығында қарайды. Байқау нәтижесі Тәуелсіздік күні қарсаңында қорытындыланып, салтанатты іс-шарада жеңімпаздарды марапттайды. 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив