Жолға шығып кеткен жылқы жол апатына себеп болды
Фото: Polisia.kz
Жетісуда жолға шауып шыққан жылқы адам өліміне себеп болды.
Жол апаты 15 қыркүйек күні таңертең Алматы - Өскемен автожолының 136-шақырымында болған, деп хабарлайды Altaynews Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жолға кенеттен шауып шыққан жылқы Honda Element автокөлігімен соқтығысқан.
Шетелдік көлікте отырған 44 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта полицейлер жылқының иесін анықтау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатыр.
Оқи отырыңыз