KZ
Өскемен
+6°
ясно жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Мердігерлерге абаттандыру мен көгалдандыру міндеттеледі

Фото: krisha.kz

5.01.2024, 17:48 309

Қазақстанда құрылыс ұйымдастыру және құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді нысанды пайдалануға беру талаптарының бірі ретінде абаттандыру мен көгалдандыру енгізілді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, енгізілген түзетулерге сәйкес, құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалған, инженерлік-коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылған, сонымен қатар құрылысқа бөлінген аумақта абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілген нысандардың жай-күйі ғана оның толық дайындығын білдіреді.

- Нысандарды пайдалануға беру талаптарының бірі ретінде нысан құрылысына бөлінген аумақты абаттандыру тұрғындарға жайлылық сыйлап, атмосферадағы оттегінің мөлшерін арттыруға, жел мен шаңды ұстап тұруға айтарлықтай ықпал етеді. Үй маңын шулы және шаңды жолдар мен өндірістерден ажыратуға, ауланың сыртқы келбетін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, - делінген хабарламада.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив