KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Қазақстанда БАҚ үшін талап қою мерзімі бір жылға дейін қысқарады

Фото: sun9-34.userapi.com

12.02.2024, 11:00 97

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев журналистермен Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарына талап қою мерзімі бір жылға дейін қысқаратыны жайлы қуанышты хабармен бөлісті, деп хабарлайды Altainews.kz сайты «Репортер» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Депутат қазақстандық журналистер үшін жағымды жаңалықты өзінің TikTok парақшасында жариялады.

Жұмыс тобы депутаттар Сергей Пономарев, Никита Шаталов және Жұлдыз Сүлейменова ұсынған бұқаралық ақпарат құралдары туралы заң жобасына түзетулерді мақұлдады.

- Бұрын қандай да бір мәселе бойынша журналистермен үш жыл бойы соттаса беретін. Бұл «қолайсыз» журналистермен есеп айырысудың бір әдісі болып, үш жылдан кейін де БАҚ-қа шағым түсіретін жағдайлар болатын. Көбінесе біреуге қандай да бір себептермен ұнамайтын редакцияларға қатысты еді, - деді Сергей Пономарев.


Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив